06-02-25 |
380 рет қаралған
Әзербайжан Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты халықаралық сотқа жүгінбек.
Әзербайжан Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты халықаралық сотқа жүгінбек

Қазіргі уақытта Баку дәлелдер мен фактілерді жинап жатыр, деп хабарлады Әзербайжанның APA ақпарат агенттігі.

Агенттіктің мәліметінше, Әзербайжанның қолында  ұшақты атып түсірген «Панцирь-С» зениттік-зымыран кешенінің бөліктері бар.

«Дәлелдемелік база қалыптастырып, фактілер мен айғақтар жинап жатырмыз, халықаралық сотқа жүгінуге дайындық жүргізілуде. Дегенмен Ресеймен диалогқа есік ашық. Мәскеу өз кінәсін ашық мойындап, жауапкершілікті өз мойнына алуы керек. Олай болмаған жағдайда, Баку келесі қадамдарға дайын», – деп жазады APA.

Әзербайжанның Көлік министрлігі Embraer 190 ұшағының апатына қатысты алдын ала тергеу есебін жариялады. Сарапшылар әуе кемесінде бөгде заттардан болған көптеген тесілген зақымдарды анықтаған. Олардың сипаты мен шығу тегін анықтау үшін тиісті зерттеулер мен сараптамалар жүргізілмек.

Бұған дейін есепті Әзербайжанның Цифрлық даму және көлік министрлігі де түсіндірген.

Ресейдің Федералдық әуе көлігі агенттігі есептің алдын ала екенін атап өтті. Ведомство комиссия жұмысы жалғасатынын және түпкілікті қорытындылар соңғы есепте жарияланатынын мәлімдеді.

25 желтоқсанда Баку – Грозный бағыты бойынша ұшқан жолаушылар ұшағы Ақтау әуежайының маңында апатқа ұшырады. Әуеапаты салдарынан 38 адам, соның ішінде алты Қазақстан азаматы қаза тапты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.