03-08-22 |
660 рет қаралған
Әзербайжан мен Армения арасы тағы ушықты.
Әзербайжан мен Армения арасы тағы ушықты

3 тамыз таңертең Лашын ауданы маңында Армения қарулы құрылымдары Әзербайжан әскерилеріне қарай оқ атқан. Атыс салдарынан әзербайжандық мерзімді әскери қызметші Казимов Анар Рустамоглы оқ жарақат алып, артынша қаза тапты.

Әзербайжан қарулы күштері де қарап қалмады, атысқа қарсы операция жүргізіп, бірнеше соққы жасады. Әскери операция барысында артиллериялық батальоны және армян қарулы құрамаларының бір посты жойылғаны хабарланды. Армян қарулы күштерінде адам шығыны мен жарақат алғандар бар.
Айта кетсек, қарулы қақтығыс ресейлік бітімгершілік контингенті уақытша орналастырылған Лашын ауданында болды.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.