Әлеуметтік желілерде Жаңаөзендіктердің бүгін де орталық алаңға митингіге шыққанын жариялап, видеолар тарай бастады. Алма Бекес есімді Фейсбук қолданушысы «5.09.2019ж Жаңаөзен орталық алаң!» деп жариялаған видеосында қала тұрғындары кезектесіп, сөз сөйлеп жатыр. Видеолардың бірінде полиция алаңды қоршап тұр, тағы бір бейнеде видеоға түсірушінің өзі: «Бүгін бесі, алаңға тағы жиналып жатырмыз. Жаңаөзен. Біз келіп жатырмыз жайлап-жайлап», -деп айтады.
Еске салсақ, Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында 2-3 қыркүйек күндері жүздеген адам Қазақстанда 55 Қытай кәсіпорындарының салынуына қарсылық білдіріп, митингіге шыққан еді, митинг кеше, 4 қыркүйекте елдің басқа да төрт қаласында жалғасын тауып кетті. Билік өкілдері өз кезегінде Қытайдың 55 кәсіпорны Қазақстанда салынбайтынын айтып, сендіруде. Алайда наразы халық билік өкілдерінің сөзіне сенгілері келмей отыр. Олар президент Қасым-Жомарт Тоқаевтің өзі уәде бергенін қалайды.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024