28-04-24 |
3610 рет қаралған
 Жайық өзенінің деңгейі 25 сантиметрге көтерілді.
 Жайық өзенінің деңгейі 25 сантиметрге көтерілді

Батыс Қазақстан облысында Жайық өзеніндегі су деңгейі Ақжайық ауданы Тайпақ ауылы тұсында бір тәулікте 25 сантиметрге көтерілді.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалынан мәлім еткеніндей, 28 сәуір күні таңғы сағат 08.00-де Тайпақ гидробекетінде су деңгейі 606 сантиметрге (қауіпті шегі – 850 см) жетті.

Жайықтағы су деңгейі Январцев гидробекетінде бір тәулікте 10 (854 см, қауіпті шегі – 1 250 см), Оралда 5 (846 см, 850 см), Көшімде 3 (849 см, 850 см) сантиметрге түсті.

Сондай-ақ Көшім каналында бірден 40 (780 см, 800 см), Елек өзені Шыңғырлауда 22 (683 см, 750 см) сантиметрге төмендеді.

Шаған өзені Чувашин тұсында 725 сантиметрді (-4, қауіпті шегі – 1 300 см) көрсетті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.