24-10-24 |
3120 рет қаралған
Жалған төлқұжатпен кірмек болған шетелдік ұсталды-ҰҚК.
Жалған төлқұжатпен кірмек болған шетелдік ұсталды-ҰҚК

12 қазанында ҰҚК Шекара қызметі Астана қаласының халықаралық әуежайында Қазақстан Республикасының жалған төлқұжатымен кіру үшін шекарадан өтуге әрекеттенген шетелдік азаматты ұстады.

Материалдар тиісті шаралар қабылдануы үшін полиция органдарына берілді.

2024 жылдың басынан шекарашылар Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде жарамсыз және бөгде адамдардың төлқұжаттарын пайдаланудың 198 фактісін жойды.

ҰҚК шекара қызметі жалған құжаттарды пайдаланып шекараны бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын хабарлайды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.