Біз
әлеуметтік
желіде
01-04-25 |
310 рет қаралған
 Жамбыл облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы басшысы сотталды.
 Жамбыл облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы басшысы сотталды

Осы жылдың 20 наурызында Тараз қаласының соты Жамбыл облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы басшысының м.а. Д. Кемеловқа қатысты үкім шығарды.

Антикордың мәліметінше, шенеунік жүк автомашиналарының иелері мен жүргізушілері М. Мамыровтан, Н. Абдуллаевтан және Е. Қанатовтан облыс аумағы бойынша кедергісіз жүріп-тұрғаны үшін 100 мыңнан 450 мың теңгеге дейін бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Мамыров пара берумен қатар, Абдуллаев пен Қанатовтан Кемеловтың пара алуына делдал болған.

Кемелов 6 жылға, Мамыров 3 жылға бас бостандығынан айырылды, пара берушілер Абдуллаев пен Қанатовқа әрқайсысына 5,6 млн теңге айыппұл тағайындалды.

Сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік мекемелерде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.