11-11-24 |
1380 рет қаралған
Жамбыл облысында алаяқтар мүгедектігі бар тұлғаның пәтерін иемденіп алған.
Жамбыл облысында алаяқтар мүгедектігі бар тұлғаның пәтерін иемденіп алған

Алаяқтар көбінесе құрбандарының мүлкін заңсыз иемдену үшін олардың сенгіштігі мен дәрменсіздігін пайдаланады.

Атап айтқанда, Тараз қаласының прокуратурасы психикалық ауытқушылықпен ауыратын 1-топтағы 62 жастағы мүгедек әйелге тиесілі жылжымайтын мүлікті заңсыз иемдену фактісін анықтады.

2023 жылдың маусым айында алаяқ оның жағдайы мен дәрменсіздігін пайдаланып, Тараз қ., «Қаратау» мөлтек ауданында орналасқан екі бөлмелі пәтерді 9 млн теңгеге сатып жіберген.

Прокуратураның талап арызы бойынша қалалық соттың 2024 жылғы 16 қыркүйектегі шешімімен пәтер иесіне қайтарылды.

Сонымен қатар, қала прокуратурасы алаяққа қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігімен қылмыстық қудалауды бастап, күдікті қамауға алынды.

Оның осыған ұқсас басқа да алаяқтыққа қатысы бар екені анықталды.

Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.

​​​​​

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.