15-02-25 |
1170 рет қаралған
Жамбыл облысында мектеп оқушысын өлтірген жасөспірімдер сотталды.
Жамбыл облысында мектеп оқушысын өлтірген жасөспірімдер сотталды

Жамбыл облысында сот мектеп оқушысын өлтірген екі кәмелетке толмаған жасөспірімді 11 және 9 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

«Жамбыл облысының мамандандырылған межелік сотында бұзақылық және мектеп оқушысын өлтіру фактісі бойынша (ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігінің 7, 9, 14-тармақтары, 293-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы) айыпталған екі кәмелетке толмаған сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды. (…) Қылмыстың бастамашысы болған кәмелетке толмаған Б.-ға қылмыстардың жиынтығы бойынша 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Кәмелетке толмаған С.-ға 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілді», – делінген хабарламада.

Іс материалдарына сәйкес, 2024 жылдың мамыр айында жасөспірімдер арасында жанжал туындаған. Олардың біреуі екіншісінің айтуымен зардап шегушінің желкесіне металл кастетпен соққы жасап, оқиға орнынан қашып кеткен. Ауыр жарақат салдарынан мектеп оқушысы сол жерде көз жұмған.

Сотталушылар өз кінәсін ішінара мойындады.

Сондай-ақ сот айыпталушылардың заңды өкілдерін моральдық зиян ретінде 10 миллион теңгеден өтеуге міндеттеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.