arasha.kz

Жамбыл облысында полицей қызметтік орында өз-өзіне қол жұмсады

Тараз қаласынан бес шақырым жердегі Жасөркен ауылында қайғылы оқиға орын алды – полиция қызметкері өз-өзіне қол жұмсады.

Бұл туралы құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасай отырып ZTB NEWS хабарлады.

«12 ақпанда ГРЭС бекетінде 2003 жылы туған УССО полиция сержанты қызметтік тапаншасымен басынан атып, өз-өзіне қол жұмсады», – делінген хабарламада.

Біз полиция департаментіне ресми сұрау жолданды.

Exit mobile version