Біз
әлеуметтік
желіде
06-04-25 |
420 рет қаралған
Жамбыл облысында полицейді өлтірді деген күдікті екі айға қамауға алынды.
Жамбыл облысында полицейді өлтірді деген күдікті екі айға қамауға алынды

31 наурызда Тараз қаласындағы саябақтардың бірінен бас сүйегі қатты зақымдалған ер адамның мәйіті табылды.

Қылмысты ашу үшін жедел тергеу тобы құрылып, қылмыскерді іздеу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде 1 сәуірде күдікті ұсталды.

Ол кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Сот күдіктіні екі айға қамауға алу туралы тергеу органдарының өтінішін қанағаттандырды», — деді тергеу сотының судьясы Раушан Исмаилова.

Қаза тапқан азамат бұрын полицияда қызмет еткен. Алдын ала ақпарат бойынша, қылмыс жасаған күдікті мен марқұм бірге ішімдік ішпеген. Қылмыстың нақты себебі әлі анықталған жоқ.

Іс Жамбыл облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынды.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.