Біз
әлеуметтік
желіде
28-03-25 |
490 рет қаралған
Жамбыл облысындағы жер сілкінісі: мектеп, аурухана және Мәдениет үйі ғимараттарында жарықтар анықталды.
Жамбыл облысындағы жер сілкінісі: мектеп, аурухана және Мәдениет үйі ғимараттарында жарықтар анықталды

Жер асты дүмпулері ең күшті сезілген елді мекен – Мерке ауылы, мұнда MSK-64 шкаласы бойынша 5 баллға дейін жеткен.

28 наурызға қараған түні Жамбыл облысында жер сілкінісі тіркелді.

Жер асты дүмпулері бірнеше ауданда және Тараз қаласында сезілді. Ресми мәліметтерге сәйкес, ең жоғары қарқындылық Меркі ауданындағы Мерке ауылында 5 баллды құрады.

5 балл – Мерке ауылы;

4 балл – Құлан ауылы, Т. Рысқұлов ауданы;

2 балл – Тараз, Шу қалалары, сондай-ақ Қордай және Мойынқұм аудандары.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ, барлық өмірлік маңызы бар жүйелер қалыпты режимде жұмыс істеуде, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Т. Рысқұлов ауданындағы Қарақыстақ ауылындағы Мәдениет үйінің, Меркі аудандық ауруханасының және Ойтал ауылындағы мектеп ғимараттарында жарықтар пайда болған. Басқа нысандарға қатысты ақпарат нақтылану үстінде.

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша жедел штаб құрылып, жұмыс істеуде. Аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев жер сілкінісінен ең көп зардап шеккен аудандарға барып, жағдаймен танысып жатыр.

Тұрғындар үшін жедел байланыс желісі ашылды: 8 (7262) 51 35 75.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.