09-01-25 |
550 рет қаралған
Жанармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасаған азамат ұсталды.
Жанармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасаған азамат ұсталды

Қостанай облысында жанармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды.

Әулиекөл ауданында жанармай құю станциясына қарақшылық шабуыл жасалды. Бетін шарфпен орап, қалпақ киген белгісіз адам операторды пышақпен қорқытып, ақша талап етті. Күдікті әйелді қорқытып, күш қолданып 33 мың теңгені алып кеткен.

Полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында 41 жастағы күдікті ұсталды.

«Қазіргі уақытта қарақшылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сотпен күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге қамауға алуға санкция берілді. Осы қылмысты жасағаны үшін ол мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі», – делінген хабарламада.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.