26-08-24 |
4000 рет қаралған
Жанқош Тұраровтың адвокаты мәлімдеме жасады.
Жанқош Тұраровтың адвокаты мәлімдеме жасады

Жанқош Тұраровтың адвокаты Самат Мамутов қыздың зорлау туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.

Айта кетсек, бүгінгі баспасөз мәжілісіне боксшының өзі емес, адвокаты қана келді.

Адвокаттың айтуынша, Жанқош қызды шын мәнінде әлеуметтік желі арқылы білген.

Бұл адамдар бір-бірін әлеуметтік желілер арқылы танысқан, бірақ араларында қандай хат-хабар болғанын білмеймін, себебі біз жария етпеу құжатына қол қойғанбыз», – деді адвокат Алматыда өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ ол Тұраров қызға құзырлы органдардан арызды қайтарып алу үшін ақша ұсынды деген ақпаратты жоққа шығарды.

Қазір біз бірнеше нұсқаны қарастырып жатырмыз: олардың бірі – ауру немесе психикалық ауытқу, екіншісі – танылу. Болмаса бұл біреудің тапсырысы болуы да ғажап емес. Қазір ашып ештеңе айта алмаймын» – деді адвокат Самат Мамутов.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.