27-08-21 |
1050 рет қаралған
Жарылыс кезінде із түссіз жоғалған әскери қызметкердің денесі табылды.
Жарылыс кезінде із түссіз жоғалған  әскери қызметкердің денесі табылды

Жамбыл облысындағы әскери бөлім қоймасындағы жарылыстан тағы бір әскери қызметкер көз жұмды. 

Қаза тапқан әскери қызметші – өрт сөндіру командасының бастығы, келісімшарт қызметінің старшинасы 1992 жылғы Еркін Нәдірбеков. 

«Ол инженерлік оқ-дәрі қоймасындағы өртті сөндіру жұмысын басқарған. Жарылыстан кейін оқиға орнында өртсөндіру кезінде көз жұмды. 27 тамыз күні жоғалғандар қатарына енген әскери қызметшілер арасында болған», – деп мәлімдеді ведомство.

Қорғаныс министрлігінің басшылығы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты. Министрлік оның отбасына қажетті көмек көрсетуге уәде етті.

Айта кетейік, 26 тамыз күні сағат шамамен 19:00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шығып, артынша жарылыс болды. Жақын маңдағы тұрғындар эвакуацияланды. Жарылыс салдарынан 88 адам зардап шекті. Бес әскери қызметкер қаза болды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.