Жамбыл облысында әскери бөлім қоймасындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 9-ға жетті.
27 тамыз күнгі сағат 13:00-дегі жедел ақпарат бойынша, Жамбыл облысындағы төтенше жағдай салдарынан қаза тапқандар саны 9 адамға жетті.
«Оның ішінде ҚР ТЖМ, әскери бөлімнің, әскерилендірілген күзет пен әскери прокуратура қызметкерлері бар. Қаза болғандардың жеке тұлғасы анықталып жатыр. Табылмай жатқан 2 адам туралы деректер анықталуда. Бұл туралы Жедел штаб мәлімдеді», – деді ТЖМ баспасөз қызметінде.
Алдын ала ақпарат бойынша, ауруханаға ТЖД 49 қызметкері түскен. Оқиға орнында министр бастаған ТЖМ жедел тобы жұмыс істеуде.
ҚР ТЖМ ДЖБО-да және өрт орнында КШМ базасында өрт сөндіру штабы құрылды, Жамбыл облысы ТЖД-де жедел штаб жұмыс істеп жатыр.
Төтенше жағдайды жоюға барлығы жұмылдырылды: – ТЖМ-153 қызметкер, 46 бірлік техника, – ДП-400 қызметкер, 54 бірлік техника, – №28349 ә/б-8 қызметкер, 2 бірлік техника, – №5513 ә/б-273 әскери қызметші, 12 бірлік техника, – Ұлттық Ұлан-520 адам және 250 адам резервте.
Халыққа ақпараттық және психологиялық көмек көрсету үшін Жамбыл облысының ТЖМ және ТЖД жедел желі ашылды.
ТЖМ – 33-32-89, 53-32-79, ТЖД– 8 (7262) 51-41-67, 51-37-75, +77788109109.
Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысында әскери бөлім қоймасының маңынан өрт шығып, жойқын жарылыс болғаны хабарланған еді. Апаттан кейін Нұрлан Ермекбаев өз еркімен қызметінен кетуге дайын екенін жеткізді.
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
24.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024