Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша сот отырысында оқиға куәгерлері түсірген бейнежазба ұсынылды.
Бейнежазбаны тергеу органдарына оқиға болған жерге қарсы бетте орналасқан «Камажай» дүкенінің жанында тұратын куәгерлер тапсырған.
Камерада ашулы топтың Шерзат пен оның ағасы Нұрғанатты ұрып жатқан сәті анық көрінеді. Видеода төбелесті тоқтатуды және жедел жәрдем шақыруды сұраған жан түршігерлік айқайлар естіледі.