arasha.kz

Жер сілкінісінен кейін ғимарат зақымданса не істеу керек

Алматы әкімдігі жер сілкінісі салдарынан ғимарат бүлінген жағдайда не істеу керек екенін түсіндірді.

Алматы әкімдігінде іс-қимыл алгоритмі ұсынылды:

– Аудандық әкімдіктерде ТЖД, МКК мен басқа да орган өкілдерінің қатысуымен комиссия тобы жұмыс істейді.

– Ғимарат зақымданған жағдайда қала тұрғындары аудандық әкімдікке өтінішпен және фотоматериалдармен жүгінуі қажет.

Әрі қарай не болады:

– Комиссия зақымдану деңгейін алдын ала анықтау үшін ғимаратты тексереді.

– Тірек конструкцияларының бұзылуы бар ма, әлде бұл әрлеу материалдарының зақымдануы ма: аспалы төбе, сылақ, плитка, қасбеттің әрлеуі ме екенін анықтайды.

Мәліметті өңдеу:

– Аудандық комиссиялардан алынған ақпарат қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасына, одан кейін ҚазҚСҒЗИ-ға талдау жүргізуге беріледі.

– Институт мамандары зақымданудың себебі мен дәрежесі туралы қорытынды береді.

Жөндеу жұмысын қаржыландыру:

– Әлеуметтік нысандарды жөндеу бюджет есебінен жүзеге асырылады.

– Көппәтерлі үйлердің әрлеу элементтерін жөндеу — кондоминиум есебінен.

Exit mobile version