Біз
әлеуметтік
желіде
17-06-25 |
190 рет қаралған
Жесір әйел күйеуінің 11 жыл бұрын қайтыс болғанын сот арқылы дәлелдеуге мәжбүр болды.
Жесір әйел күйеуінің 11 жыл бұрын қайтыс болғанын сот арқылы дәлелдеуге мәжбүр болды

БҚО Жәнібек аудандық сотында 11 жыл бұрын қайтыс болған ер адамның өлім фактісін анықтау жөніндегі азаматтық іс қаралды. Мұндай талаппен оның зайыбы сотқа жүгінген. Бұл туралы «Мой город» газеті жазды.

Іс материалдарына сәйкес, талапкер марқұммен заңды некеде тұрған. Ер адам 2014 жылдың 7 сәуірінде ауру салдарынан көз жұмған. Алайда белгісіз себептермен әйелге медициналық өлім туралы куәлік немесе заңнамада көзделген нысандағы сот шешімі берілмеген. Соның салдарынан қайтыс болу дерегін АХАТ органдарында тіркеу мүмкін болмаған және өлімді тіркеуден бас тартылған.

– Сотта талапкер өз өтінішін қолдап, жұбайының өлім фактісін анықтауды сұрады. Іске қатысы бар тараптың өкілі істі соттың қарауына қалдырды. Жәнібек аудандық полиция бөлімінің хабарламасында 2014 жылдың 7 сәуірінде ер адамның қайтыс болғаны туралы мәлімет түскені, алайда қылмыс құрамы болмағандықтан қылмыстық іс қозғалмағаны көрсетілген, – деп мәлімдеді облыстық сот.

Айта кетейік, сотта сондай-ақ куәлар сұралған. Олар ер адамның аурудан көз жұмғанын және жерлеу рәсіміне қатысқанын растады. Істегі барлық дәлелдемелерді зерттеген сот ауыл тұрғынының өлім фактісін анықтау туралы өтінішті қанағаттандырды.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.