
Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстан Республикасы ТЖМ «ННЦСНиИ» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 11 наурызда Астана уақыты бойынша сағат 1:26-да жер сілкінісін тіркеді», – делінген хабарламада.
Мәлімет бойынша, жер сілкінісінің ошағы Қазақстан мен Қытай шекарасында орналасқан.
Есептік қарқындылығы: Жетісу облысы Панфилов ауданы, Жаркент қаласында сезілу деңгейі – екі балл.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ.
Сонымен қатар, ТЖМ-ның «Қазселденқорғау» мекемесінің мамандары өзен арналары, гидротехникалық құрылыстар, көшкін және сел қаупі бар аймақтарға мониторинг жүргізген.
Сондай-ақ, тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріне мүмкін болатын зақымдарды анықтау мақсатында визуалды тексеріс жүргізілді.
«Тексеру нәтижесінде зақымдар анықталған жоқ, қазіргі уақытта аталған объектілер штаттық режимде жұмыс істеп тұр», – делінген хабарламада.
-
11.03.2025
-
11.03.2025
-
11.03.2025
-
11.03.2025
-
11.03.2025
-
11.03.2025
-
11.03.2025
-
11.03.2025
-
11.03.2025