arasha.kz

Жүк пойызы адамды қағып кетті

2025 жылғы 17 наурызда сағат 17:24-те Ақсеңгір – Шамалған темір жол аралығында (Алматы – Отар учаскесі) жүк пойызының машинисі жолда бөгде адамның кенеттен шығуына байланысты шұғыл тежеуді қолданды. Ер адам локомотив пен өткел бойынша кезекшінің сигнал берулеріне жауап бермеді. Басудың алдын алу мүмкін болмады, деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.

«Орын алған оқиға туралы Алматы-1 станциясының желілік полиция басқармасына хабарланды. Оқиғаның алдын – ала себебі – жәбірленушінің жеке абайсыздығы және теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтамауы», – делінген хабарламада.

ҚТЖ азаматтарды темір жолдан өту ережелерін қатаң сақтауға, тек арнайы жабдықталған өткелдерді пайдалануға, сондай-ақ темір жол маңында қырағылық пен ұқыптылық танытуға шақырады.

Exit mobile version