Біз
әлеуметтік
желіде
29-03-25 |
380 рет қаралған
Жүргізуші куәлігі жоқ ер адам полициядан қашпақ болды.
Жүргізуші куәлігі жоқ ер адам полициядан қашпақ болды

Таразда патрульдік полиция қызметкерлері LED-шамдарын заңсыз орнатқан Volkswagen Passat көлігін тоқтатқан. Алайда жүргізуші заңды талапқа бағынбай, қозғалысын жалғастырып, қашып кетуге тырысқан.

Ол қауіпті маневрлер жасап, жол-көлік оқиғасына себепші бола жаздап, айналасындағылардың өміріне қауіп төндірді.

Бірнеше патрульдік экипаждың көмегімен көлік тоқтатылғаннан кейін, жүргізуші жаяу қашып, аулаларға жасырынуға әрекеттенген, алайда тәртіп сақшылары оны жылдам қолға түсірді.

21 жастағы жігіт ағасына тиесілі көлікті жүргізуші куәлігінсіз басқарғаны анықталды.

Көлік айып тұрағына қойылды. Жүргізушіге қатысты 9 әкімшілік хаттама толтырылып, 216 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Полицейлерге бағынбау дерегі бойынша іс сотқа жіберілді.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.