Оқушы сөмкесінің салмағы 10 кг-ға жетеді.
Оқушы сөмкесінің салмағы 10 кг-ға жетеді

Алматыда оқушыларға арналған рюкзактар массасы шамамен 10 кг-ға жетеді, – деді Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздік бөлімінің бастығы Айзат Молдағасимова.
«Біз рюкзактарды өлшедік, бірінші сынып оқушыларының рюкзактар салмағының екі есе артуы байқалады, 5-6 сынып оқушылары үшін – төрт есе көп», – деді Молдағасимова дүйсенбіде өткен брифингте.
Сонымен бірге, ол 1-3 сынып оқушыларына ұсынылған рюкзактар салмағы 1,5-2 кг, іс жүзінде 4-4,5 кг, 4-5 сынып оқушылары үшін рюкзак 2-2,5 кг салмағы керек екенін түсіндірді. Ал шын мәнінде 5-тен 9,8 кг-ға дейін болды, 7-ші сынып оқушыларына арналған норма 3-3,5 кг, іс жүзінде – 6-7 кг, 8-11 сынып оқушылары үшін – 4,5 кг, шын мәнінде, рюкзактар салмағы 6,5 кг-ға дейін болды және одан да көп.
«Оған қоса, дене шынықтыру сабақтары болған кезде спорттық киімдер да қосылады», – деп қосты ол.
Молдағасимованың айтуынша, рюкзактар салмағының жоғары болуы сколиоздың, остеохондроздың дамуына, грыжа және басқа да аурулардың пайда болуына әкеледі.

Дереккөз: ҚазТАГ

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.