17-05-22 |
«Олигархия демократияның киімін киіп, өз мүддесін күйттеп жатыр».
«Олигархия демократияның киімін киіп, өз мүддесін күйттеп жатыр»

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров кеше «Біздің таңдау» саяси партиясын құрғанын мәлімдеген белгілі кәсіпкер Болат Әбіловтің «олигархтардың меншігін мемлекет сатып алуы керек» деген сөзін сынады.

«Олигархия демократияның киімін киіп, өз мүддесін күйттеп жатыр. Болат Әбілов деген азамат «олигархтардың меншігін мемлекет сатып алуы керек» деп мәлімдепті.

Олигархтардың барлық меншігі мемлекетке берешек «упущенная выгодамен» қайтарылуы тиіс.
Бұлар, олигополияның арқасында «шұрық-шұрық» болып тұрған бюджетті тағы да өздеріне теліп қоймақшы!
Еліміздің барлық экономикалық – өндірістік игіліктері халыққа қызмет етуі керек.
Бұл басты аспект!
Ал, кейбір күштер идеологиялық коктейль жасап жатыр.
Сөйтіп, «Жанұялық саясатты» қайтадан тірілтпекші.
Реваншизм дегеніміз осы!
Шекаралық ауыл, аймақтың мүддесіне бұл азаматтардың түсіне де кірмейді!
Өйткені, олар ауылдан алыс. Халықтың мұң-мұқтажын мүлдемге түсінбейді.
Олардың таңдауы біздің қалауымыз да, таңдауымыз да емес!
Бүкіл экономика әр-бір азаматқа қызмет етіп, игілік қарапайым адамның мүддесіне жүмсалуы тиіс», – деп жазады депутат.

 

16 мамырда Болат Әбілов бастаған бір топ адам «Біздің таңдау» саяси партиясын құратындарын мәлімдеп, баспасөз мәслихатын өткізген еді. Болат Әбілов партияның бағдарламасымен таныстырып, Қазақстанды – Қазақия, Астананы  – Алашорда деп өзгерту туралы бастама көтерген. Кейін әлеуметтік желіде Болат Әбіловтің артында қаңтар оқиғасынан кейін биліктен түскен белгілі тұлғалар тұруы мүмкін деген сөз тараған. Бұған қатысты Әбілов әлі ешнәрсе айтпады.
БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk