20-02-20 | 14:47
Оңтүстік Кореяның экс-президенті 17 жылға сотталды.
Оңтүстік Кореяның экс-президенті 17 жылға сотталды

Оңтүстік Кореяның 78 жастағы экс-президенті Ли Мён Бак пара алғаны үшін 17 жылға сотталды. Бұл туралы Оңтүстік Кореяның Ренхап агенттігі хабарлады.

Ол бұрын дәл осы іс бойынша 15 жылға сотталып, денсаулығына байланысты кепілмен босатылған еді.

Ли Мён Бак 2008-2013 жылдары Оңтүстік Корея президенті болып тұрғанда ағасының атына жазылған автомобиль саймандарын шығаратын зауыттың иесі болып, зауыттың дамуына қызметін пайдаланған. Экс-президент салықтан жалтарды, қызметін асыра пайдаланды, $9,3 млн. АҚШ долларына жуық соманы жымқырды деп айыпталған.

Ли Мён Бак үстінен қылмыстық іс қозғалған Оңтүстік Кореяның үшінші экс-президенті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.