Орал-Атырау тас жолында 4 адам қаза тапты.
Орал-Атырау тас жолында 4 адам қаза тапты

Батыс Қазақстан облысында адам өлімі болған тағы да жол апаты тіркелді. Жеңіл көлік полиция ескертуін тыңдамай, жолға шыққан.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті көлік апаты БҚО Ақжайық ауданы Атамекен ауылынан 10 шақырым жерде болғандығы туралы хабарлады.

«26 ақпанда Toyota Camry маркалы екі көлік бетпе-бет соқтығысты. Көліктердің бірін 33 жастағы жүргізуші, екіншісін 29 жастағы ер адам басқарды. Апат салдарынан жеңіл көліктердің 4 жолаушысы орындықта көз жұмды, алты адам облыстық ауруханаға жеткізілді», – деп атап өтті ведомствода.

Құтқарушылар 26 ақпан сағат 00.00-ден бастап Орал-Атырау тас жолы көліктер үшін жабық болғанын айтты. Такси жүргізушісі патрульдік полицияның талаптарын орындамаған. Қарлы боранға байланысты аймақта дауыл туралы ескерту жарияланған.

Естеріңізге сала кетейік, 22 ақпанда осы аймақта екі көліктің соқтығысуы алты адамның қаза болды.

Айта кетейік, синоптиктер бұрқасын мен қатты аяз болатыны туралы ескерту жасады. Еліміздің 11 облысында қолайсыз ауа райы болады, кей жерлерде аяз 35-40 градусқа дейін жетеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.