Оралда мұғалімдер қызыл статуспен мектепке келген.
Оралда мұғалімдер қызыл статуспен мектепке келген

Оралда коронавирус инфекциясын жұқтырып, «Ашық» қосымшасында «қызыл» статус көрсеткен мұғалімдер жұмысқа келген. Алайда оларға ешқандай айыппұл салынбапты. Себебі қаладағы білім бөлімі ұстаздар карантин талабын бұзбады деп ақталып әлек, деп хабарлады КТК.

Облыс әкімі «қызыл» мәртебелі ұстаздардың жұмысқа келуіне үзілді-кесілді қарсы шықты. Қазір Батыс Қазақстан облысында ауру деңгейі төмендеп, «жасыл» аймаққа жайғасқан. Алайда Ғали Есқалиев вирус жұқтырғандардың қоғамдық жерде тайраңдап жүруіне жол бермеу керек дейді. Себебі өңірде екі мектеп пен бір балабақша қызметкері «қызыл» статус көрсетіп тұрса да жұмысқа емін-еркін келіп жүрген. Бірақ білім бөлімі бұл «Ашық» қосымшасындағы қателік деп ақталуға тырысты.

«Екі мектепте, балабақшада біздің педагогтарымыз ауырып қалған. Үйінде 14 күн карантинде болып, «еңбекке жарамды» парағын жауып, мектепке келген уақытында «Ашық» қосымшасы өңделмегендіктен, бұларға «қызыл» түс көрсетілген. Сондықтан олар мектепке кірмей, қағаздарын мектептің алдындағы кісіге беріп, сосын кетіп қалған. Содан кейін ертесіне жұмысқа келгенде «жасыл» түс шығып жұмысқа кірді», – деп түсіндірді Орал қаласы білім бөлімі басшысының орынбасары Айтжан Даумова.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk