30-04-21 | 10:06
Өскеменде мұғалім директор қысымынан cоң комаға түсіп қайта оянбаған.
Өскеменде мұғалім директор қысымынан cоң комаға түсіп қайта оянбаған

Өскемендегі №5 мектеп бір аптадан бері құзырлы орган назарында. Білім ошағында бір жыл бойы еңбек еткен мұғалімнің өлімі білім басқарамасын аяғынан тік тұрғызды. 38 жастағы Әсем Нұралиева бұған дейін мектептегі бірқатар былықтар жайлы құзырлы органдарға шағымданыпты. Артынша өзі комаға түсіп, сол күйі оянбаған.

Марқұмның әріптестері, оған мектеп әкімшілігінің қатысы бар деп отыр. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Жүрегім жарылып кете жаздады. Мектеп директоры Әсемді қудалағаны ұнамай қалды. Басындағы мәселесін білмеймін. Әсемге сені жұмыстан шығарамын деді. Содан бастап Әсемді аңдып, қай уақытта келеді, күнделікті тиісіп жүрді», – деді бастауыш сынып мұғалімі Сәуле Бапинова. 

Дәрігелер мұғалімнің нақты қандай дертке шалдыққанын дөп басып айта алмады, дейді марқұмның туысы. Ол аурухана түскен бойда, компьютерлік томографиядан өткізіп, ПТР тест тапсырыпты. Нәтижесі теріс шыққан. Тек соңында «менингит» деген қорытынды шығарыпты.

«Дәрігер Әсем аурухана түскенде, айтты біз КТ өткіздік, ПТР таза деді. Жұлыннан анализ алдық, минигнтке деді, таза шықты. Бірақ та білмейміз деді. Осныдай директормен келіспеушілік болып, қатты стресс алды деді», – деді марқұмның әпкесі Ғафура Дарабаева. 

Сәуірдің басында білім сапасын қадағалау департаменті мектепке жоспарсыз тексеріс жүргізген. Анықталғандай, марқұм Әсем Нұрғаалиеваның арыз-шағымында келтірліген фактілер расталған. Солардың бірі – мұғалім міндетінен тыс қара жұмысқа жегіліпті.  

«Барлық фактілер расталды. Атап айтсақ, бұл бала жұмысқа тұрғанда ағымдағы жұмыстар жүрген, ауласын тазалауға тартылған. Аттестация өтуге қарсылық көрсеткен. Ол да расталды. Сайлау жұмыстарына тартылған, ол да расталды. Алты іс қозғалды», – деді білім беру саласындағы сапаны қаптамасыз ету департаменті басшысының орынбарасы Жұмабек Қамбетов. 

Білім басқармасы мектеп мұғаліміне қатаң сөгіс жариялапты, қызметінен босатқан. Қазір мектепте тексеру жұмыстары жүргізілуде.

«Бесінші мектептің екі педогогі арыз тсүірген. Ол жайныда 14 күні ресми түрде білім басқрмасына түсті. Жұмыс тобының нәтижелері бойынша қорытынды шығарамыз. Бұл жайында мұғалімнің өліміне қатысты директор ескертіп айтты, одан кейін отбасына өлім бойынша қортындысы түскен минингит деп. Бұл жайында байланыс бар не жоқ деп айта алмаймыз!», – деді қалалық білім басқармасының басшысының міндетін атқарушы Сәуле Алагөзова. 

Мұғалім келіншектің мектеп жасына жетпеген екі баласы жетім қалды. Әзірге оның өліміне нақты кім кінәлі екені белгісіз. Десе де марқұмның туыстары оны күйзеліске түсіргендердің бәрі өз жасазын алып, әділдік орнаса деп отыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk