17-05-18 | 14:16
Отыз жылдан соң адамның дене мүшелері сатылатын дүкен ашылады.
Отыз жылдан соң адамның дене мүшелері сатылатын дүкен ашылады

Болашақта, 30 жылдан соң адамның дене мүшелері сатылатын дүкендер ашылады және кез келген тілді аударатын көз линзалары жасалады, дейді  Астана өтіп жатқан Global Challenges Summit 2018 форумының жалпы отырысына қатысушы «Мүмкінсіздіктер теориясы» бестселлерінің авторы Митио Каку.

Оның айтуынша, 30 жылдан кейін компьютерлік чип бір тиыннан да арзан болады. Компьютерлік билік электр энергиясы сияқты барлық жерде болады. Митио Какудың сөзіне сенсек, алдағы 30 жылда компьютерлік чиптардың көмегімен тіпті көзге тағатын линза арқылы да интернетке қосылуға мүмкіндік туындайды. «Мұндай көзге тағатын линзаны ең бірінші кімдер сатып алады? Соңғы емтихан тапсыратын студенттер сатып алады. Олар көзін ашқан кезде линзадан өзіне қойылған сұрақтың барлық жауабын көреді. Адамдар линзадан өзге адамдардың айтқан сөздерінің аудармасын көреді. Сіздің линзаңыз кез келген тілді аударып беретін болады», – деді ол. Оның сөзіне қарағанда, медицина саласында да чиптер жаппай енгізіледі. Чиптар тегін болады. Адам өмірі де ұзара түсіп, дене мүшелері сатылатын дүкендер ашылады. Адамдар дене мүшелерін алмастыруға қол жеткізеді. «Біз қазірдің өзінде жасанды тері, көз, мұрын жасап жатырмыз. Келесі ғасырда барлық мүшелер зертханада өсіріледі. Келесі мүше біздің бауырымыз болады. Адамның бауыры болашаққа зертханаларда өсіріле бастайды», – деді ол.

arasha.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.