17-10-19 | 15:47
Пара алғаны үшін 42 млн. теңгеге айыппұл салынған басшы сот үкімін орындамағыны үшін бас бостандығынан айырылды.
Пара алғаны үшін 42 млн. теңгеге айыппұл салынған басшы сот үкімін орындамағыны үшін бас бостандығынан айырылды

Пара алғаны үшін 42 млн. теңгеге айыппұл салынған темір жол ұйымының бұрынғы басшысы сот үкімін орындамағыны үшін 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін деп хабарлайды Бас прокуратура.

Темір жол ұйымының бұрынғы басшысы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны 2017 жылы жұмысқа орналастыру мәселесін шешем деп елеулі көлемде пара алғаны үшін 42 млн. теңгеге айыппұл жазасына сотталған болатын.

Сотпен орындалу мерзімі кейінге қалдырылған. Біршама уақыт берілгеніне қарамстан, сот үкімі осы күнге дейін орындалмағаны көлік прокурорларымен анықталды.

Осыған байланысты, прокуратураның қадағалау актісі бойынша сотталушыға тағайындалған қылмыстық айыппұл 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.

Жалпы, ағымдағы жылы көлік прокуратурасы органдарының араласуынан кейін сотталғандардың сот үкімін орындамағаны үшін 31 млн. теңгеден астам сомадағы қылмыстық айыппұлдар басқа қатаң жаза түрлеріне ауыстырылған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.