28-08-20 | 17:14
Пара алды деп айыпталған генерал-майордың әйелі араша сұрайды.
Пара алды деп айыпталған генерал-майордың әйелі араша сұрайды
Пара алды деп айыпталған генерал-майор Қайрат Көпбаевтың жары әділдік іздеп, биліктен араша сұрайды. Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Айтуынша, Қорғаныс министрлігінде Кадр департаментін басқарған жұбайын жақын досы жемқор деп жала жауып, туысын жұмысқа тұрғызғаны үшін 200 мың теңге ақша сұрады деп кінәлап отыр. Алайда, Көпбаевтың заңсыз әрекетке жол бергендігіне ешқандай дәлел жоқ дейді.
Бір ғана айыптаушының құр сөзіне бола ғана істі болды деген генералдың жары күйеуінің айнымас досы неге мұндай әрекетке барғанын түсінбейді. Айтуынша, Бекбауов жолдасынан қарызға 200 мың теңге сұраған. Ал, борышын қайтарғаннан кейін белгісіз себептермен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке барып шағымданыпты. Сотқа куәгер ретінде шақырылған Бекбауовтың туысы ағайынына ешқандай өтініш жасап ақша бермегенін айтады.
Гүлшат Көпбаева, Қайрат Көпбаевтың әйелі:
– Бір жарым жылдай менің күйеуімді аңдыды. Бірақ, ешқандай дәлел таппады. Енді міне қолдан жасалған айыппен жауып тастаса да, әлі күнге дейін психологиялық қысым көрсетіп отыр. Сіздерге әділдік іздеп келдім. Сот та дұрыс шешім шығарып, кінәсіз адамды босатса деймін.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.