22-01-21 | 09:36
Парламент депутаттары 800 мың теңге дейін жалақы алады.
Парламент депутаттары 800 мың теңге дейін жалақы алады

Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының жалақысы белгілі болды. Жетінші шақырылым депутаттары жұмыс өтіліне байланысты айына 550 мыңнан 800 мың теңгеге дейін жалақы алады.

Айта кетейік, 2019 жылы ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының жалақысы – 684 874 теңге болған және бұл сомаға депутаттың еңбек өтіліне қарай үстеме қосылатын.

Парламент тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi Палатадан: Сенат және Мәжiлiстен тұрады. 

Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенаттың сайланатын депутаттарының жартысы әрбір үш жылда қайта сайланады.

Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын 107 депутаттан тұрады. Мәжілістің 98 депутаты саяси партиялардан партиялық тізімдер бойынша бірыңғай жалпыұлттық сайлау округінен жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Мәжілістің 9 депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.

Парламент депутаты бiр мезгiлде екi Палатаға бiрдей мүше бола алмайды.

Биылғы парламент сайлауының қорытындысы бойынша мәжіліске үш партия өтті: Nur Otan (71,09 пайыз), Ақ жол (10,95 пайыз), Қазақстан Халық партиясы (9,10 пайыз).

Дереккөз: Tengrinews.kz  

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk