23-09-19 | 12:29
Павлодар ғалымдары қандай жаңалық ашты?.
Павлодар ғалымдары қандай жаңалық ашты?

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің бір топ ғалымдары Павлодар облысының жылу электр станцияларының күл-қож қалдықтарын және металлургия қалдықтарын қайта өңдеуді көздеген инновациялық шешім ұсынды, деп хабарлайды arasha.kz тілшісі.
Әзірлеушілер атап өткендей, олар қолданған технология қазіргі аналогтармен салыстырғанда бүкіл Қазақстан бойынша жиналатын күл-қоқыс қалдықтарын пайдалануды көздейді. Алынған өнім химиялық және гранулометриялық құрамы, сондай-ақ басқа аналогтар мен прототиптерден тұтқыр қасиеттері бойынша ерекшеленеді.
Өндіріс қалдықтарын пайдалану арқылы инновациялық құрылыс материалдарын шығара бастаған “ЭкостройНИИ-ПВ” компаниясы Қазақстан Үкіметі және Дүниежүзілік банк бірлесіп іске асырып жатқан “Өнімді инновацияларды ынталандыру” жобасының гранттық бағдарламаларының бірі атанды.
Жобаны іске асыру басталғаннан бері олар құрылыс материалдарын дайындау рецептурасын әзірлеп, патентке өтінім беріп, сараптаманың оң қорытындысын алды, сондай-ақ алынған өнімді дайындап, сынақтан өткізді. Компания ресми дилерлермен бірге Технологиялық желінің қазіргі заманғы кешенінің оңтайлы құрамын анықтағаны, жабдықты жеткізу және орнату орындалғаны есте қаларлық.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.