20-01-20 | 15:05
Павлодар атауын Сарыарқа деп өзгертейік – ынталы топ.
Павлодар атауын Сарыарқа деп өзгертейік – ынталы топ

Павлодар облысында Павлодар атауын Сарыарқа деп өзгерту үшін жиын өтіп, бастамашыл топ қол жинап, облыс атауын өзгерту туралы президентке хат жазбақшы. Бұл туралы total.kz жазады.

Облыс атауын өзгертуге ынталы ондаған адам өткен демалыс күні “Сарыарқа” қонақ үйінде бас қосқан. Жиналғандар Павлодар атауын Сарыарқа деп өзгерту туралы бастама көтеріп, жиылыс қоғамдық талқылау емес, мәселені алдын ала кеңесу деп сипаттаған.

Ынталы топтың ойынша, облыс, қала атауын өзгерту заңды құбылыс. Өйткені Қазақстан Тәуелсіз мемлекет әрі азаматтар аймақ, қала, көше атауларын ауыстыруға, ұсыныс жасауға қақылы. 

Павлодар, Петропавел облыстарының атауын ауыстыру ұзақ жылдан бері сөз болып, жиі бастама көтеріліп келеді. Әр кезде әртрлі атаулар ұсынылды. Бейресми түрде ел ішінде Павлодарды Кереку, Петропавелді Қызылжар деп атайды.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.