21-01-20 | 14:05
Павлодар облысына жаңа әкім тағайындалды.
Павлодар облысына жаңа әкім тағайындалды

Президент Қ.Тоқаевтың жарлығымен Павлодар облысының жаңа әкімі болып Әбілқайыр Сқақов тағайындалды.

“Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов Павлодар облысының әкімі қызметіне тағайындалсын” делінген жарлықта.

Әбілқайыр Сқақов 1974 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.

Білімі:

1995 ж. – Ақмола қаржы-экономика техникумын «Салықтар қаржыгері» мамандығы бойынша тәмамдаған. 

2000 ж. – Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Қаржыгер және экономист» мамандығы бойынша бітірген.  2004 ж. – Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген. 2017 ж. – М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған, Master of Business Administration іскери әкімшілдендіру шебері дәрежесіне ие.   

Еңбек жолы:

1995-1998 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Павлодар облысы бойынша салық инспекциясы жанама салықтар бөлімінің маманы. 1998-1999 жж. – Павлодар облысы бойынша салық комитеті ірі салық төлеушілердің салық аудиті бөлімінің бас салық инспекторы. 1999-2000 жж. – Павлодар облысы бойынша салық комитеті ірі салық төлеушілердің салық аудиті бөлімінің басшысы. 2000 ж. – Павлодар облысы бойынша салық комитетінің тіркелмеген салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің басшысы. 2000-2001 жж. – Павлодар облысы бойынша салық комитеті төлемдерді талдау, болжалдау және есепке алу бөлімінің басшысы.  2001-2005 жж. – Павлодар облысы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары. 2005-2006 жж. – ҚР ҚМ СК Павлодар облысы Қашыр ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы. 2006-2008 жж. – Павлодар облысының денсаулық сақтау департаментінің экономикалық мәселелер бойынша директордың орынбасары. 2008-2010 жж. – Павлодар облысы бойынша салық департаментінің Павлодар қаласы бойынша салық басқармасының басшысы. 2010-2012 жж. – Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің салық комитетінің Қостанай облысы бойынша салық департаменті бастығы.   2012-2014 жж. – Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің салық комитеті төрағасының орынбасары. 2014-2016 жж. – Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.   2016 жылдың 1 желтоқсанынан 2019 жылдың 25 сәуіріне дейін – Қазақстан Республикасы қорғансы министрінің орынбасары. 2019 жылдың 25 сәуірінен – Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің қаржы мониторингі комитетінің төрағасы.  2020 жылдың 21 қаңтарынан – Павлодар облысы әкімі.

Мемлекеттік наградалары:

«Салық қызметінің үздігі» атағы, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі, «Қаржы қызметінің үздігі» төс белгісі, «Мемлекеттік қызмет үздігі» атағы, «Ерен еңбегі үшін» медалі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.