27-02-21 | 09:56
Павлодарда мектеп директоры қызметкеріне қырындаған.
Павлодарда мектеп директоры қызметкеріне қырындаған

Павлодарда қоластындағы қызметкерлерге қырындаған мектеп директорының әрекеті әшкере болды. Директорға қатысты әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды, деп хабарлайды  Arasha.kz.

Облыста білім сапасын қамтамасыз ету басқармасы өңірде «Педагог мәртебесі туралы» заңды бұзған, білім саласына қатысты бірқатар былықтарды жайып салды.

Басқарма басшысы Екібастұздағы қызметкерлеріне қырындаған мектеп директорына қатысты істің немен аяқталғанын да айтты.  

«Екібастұздағы директорға қатысты әкімшілк іс қозғалды. Әкімшілік кодекстің 409-бабы бойынша барлық жауап алынды. Біздің тарапымыздан директорға 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды», – деді Павлодар облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Еркімбек Аязбаев.

Сондай-ақ, Ақсуда «Педагог мәртебесі туралы» заңды бұзған директорға шара қолданылған. Ол бірнеше педагогты міндеттеріне жатпайтын мектеп ауласын абаттандыру жұмысына тартқан. Мектеп директорына әкімшілік кодекс бойынша ескерту берілген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.