Польша билігі Беларусьпен шекараны болат темірмен қоршап алды.
Польша билігі Беларусьпен шекараны болат темірмен қоршап алды

Польша билігі Беларусь шекарасына биіктігі бес метрлік болат темірмен қоршау орнатты. Бұл туралы “РИА Новости” жазды.

“Польша шекара қызметінің басшысы қабырғаны тұрғызуға 49 мың тонна болат жұмсалғанын айтты. Қазіргі уақытта қоршауды электронды қауіпсіздік жүйесімен жабдықтау жалғасуда, оның ішінде 2,5 мың бақылау камерасы орнатылуда”, – делінген хабарламада. 

Қаңтар айында елдің Шекара қызметінің баспасөз хатшысы Анна Михальская Польша билігі 25 қаңтардан бастап Польша-Беларусь шекарасында қабырға тұрғыза бастайтынын айтқан. Қоршауды тұрғызуға келісім-шарт 644 миллион злотых (шамамен 160 миллион доллар) сомасында жасалған, ақша Польша бюджетінен бөлінген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk