10-01-20 | 17:55
Премьер-министр Назарбаевқа экономика жағдайы туралы баяндап берді.
Премьер-министр Назарбаевқа экономика жағдайы туралы баяндап берді

фото: elbasy.kz

Премьер-министр Асқар Мамин экс-президент, елбасы, қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Н.Назарбаевпен кездесті. Бұл туралы елбасының баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуде ел экономикасы сөз болған. Назарбаев “экономиканың жағдайы жаман емес” деп баға берген. Ал Асқар Мамин: “экономика қалыпты даму үстінде” екенін айтқан.

Сондай-ақ Мамин Назарбаевқа экономиканың жағдайы туралы баяндап берген.

Елбасының баспасөз қызметі “А.Мәминнің баяндамасына сәйкес”, – деп жаза келіп: “құрылыс саласының дамуы 12,9%, сауда – 7,9%, байланыс – 5,2%, өңдеу өнеркәсіп саласы – 4,4%, тау-кен өндірісі – 3,7%, халықтың нақты табысы5,5% өскен” деп премьер-министрдің деректерін келтірген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.