10-02-20 | 20:21
Президент әкімшілігінде неше адам жұмыс істейді?.
Президент әкімшілігінде неше адам жұмыс істейді?

Өткенде президент аппараты қызметкерлерінің саны жүздеген адам екен-мыс дейтін қауесет тарап, әлеуметтік желілерде кең тараған еді. Бүгін президенттің баспасөз қызметі президент әкімшілігінде жұмыс істейтін адамдардың нақты санын жария етті.

“Әлеуметтік желілерде Мемлекет басшысы аппараты қызметкерлерінің саны 3 мың адам деген жалған (фейк) ақпарат тарап жатыр. Шындығында Президент Әкімшілігінде 408 адам жұмыс істейді. Оның ішінде Қауіпсіздік кеңесінің 50 қызметкері де бар. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларын нақты дерекке сүйенуге және шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратпауға шақырамыз. Жалған ақпаратты қасақана таратқандардың жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз” деп хабарлайды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.