02-09-19 | 11:12
Президент Тоқаев тұңғыш рет халққа Жолдауын жариялайды..
Президент Тоқаев тұңғыш рет халққа Жолдауын жариялайды.

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев тұңғыш рет Парламент палаталарының бірлескен отырысында, Қазақстан Республикасының Президенті ретінде Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды.

Президент Тоқаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында: “2 қыркүйекке жоспарланған Халыққа Жолдауымда есірткі бизнесі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатаңдату жөнінде Парламентке және Үкіметке тапсырмалар жүктеледі” деп жазған еді.

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің хабарлауынша, Жолдауда ішкі саяси мәселелер, мемлекеттік институттардың рөлін нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, экономиканы жаңғырту, халықты әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері қамтылады.
Сондай-ақ, Б. Уәли жолдауда Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасында көрсетілген ұсыныстары мен бастамалары да айтылады деп ойлаймын. Президент бұған дейін де, құжатта еліміздегі кейбір мәселелерге қатысты заңнамаларға өзгерістер енгізу туралы нақты тапсырмалар болатынын айтқанын айтты.
Президенттің баспасөз хатшысы:
-“Қ.К.Тоқаевтың Жолдауы Парламент мүшелері үшін де, жалпы қоғамның дамуы үшін де алдағы кезеңде атқарылуы тиіс жұмыстарға нақты бағыт-бағдар болатынына сенімдімін”, -дейді.

Жолдау бүгін сағат 11:00-де Парламент палаталарының бірлескен отырысында жарияланады. Сағат 15:00-де барлық республикалық телеарналардан көруге болады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.