06-06-20 | 19:46
Президенттің кеңесшісі митингіге қатысты түсініктеме берді.
Президенттің кеңесшісі митингіге қатысты түсініктеме берді

Бүгін Алматы мен Астанада митинг болып өтті. Бас прокуратура 5 мамырда “митингінің заңсыз” екенін ескерткен еді. Сондай-ақ Алматы мен Астана қалаларының бас санитар дәрігерлері де карантин ережесіне сәйкес, көп адам жиналған жерге бармауға – митингіге қатыспауға шақырған. Соған қарамастан адамдар митингіге шықты. “Азаттықтың” хабарлауынша, полиция жүздеген адамды әкеткен. Бұған дейін “Бейбіт шеру, митингілер” туралы жаңа заң қабылданып, ол 6 мамырда күшіне енді. Заңның күшіне енуі мен бүгінгі митингіге қатысты президент кеңесшісі Ерлан Қарин түсініктеме берді.

“Әлеуметтік желіде бірқатар азаматтар – «төтенше жағдай аяқталды ғой» және «бейбіт жиындар туралы жаңа заң қабылданды емес пе, неліктен митинг өткізуге рұқсат берілмеді», деген секілді пікірлерін білдіруде.
Осыған байланысты түсініктеме беруді жөн көріп отырмын. «Бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі» туралы жаңа заңға мамырдың 25 күні қол қойылып, өз күшіне дәл бүгін – маусымның 6 еніп жатыр. Оның үстіне, бүгінгі митингіге алғаш рет үндеп шақырғанда, бұл заң сол кезде парламентте әлі талқыланып жатқан болатын. Яғни, бүгінгі акцияларды ұйымдастырушылар осы митингіні жаңа заңға сәйкес: бес күн бұрын жергілікті билік органдарына алдын ала хабарлама жіберіп, өткізуге барлық мүмкіндіктері болды. Алайда, өкінішке орай ұйымдастырушылар қасақана, жаңа заңның бүгін ғана өз күшіне енетінін біле тұра, митингіге шақырып, үндеп жатты. Бұл біріншіден. Екіншіден, құқықтық нормалардан басқа төтенше жағдай аяқталғанымен, карантиннің біршама шектеулері әлі де сақталынуда, ол Сіздерге белгілі. Санитарлық қызмет өкілдері көпшілік жиналатын шаралардан басқа, тіпті отбасылық шаралардан бас тарта тұруға қайта қайта үндеуде. Осындай жағдайда басқа азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігімен санаспай осындай шараны өткізу қай жағынан қарасаңыз да дұрыс болмады” деп жазады Қарин.

 

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk