05-06-20 | 10:43
Прокуратура 6 маусымда митингіге шықпауға шақырды.
Прокуратура 6 маусымда митингіге шықпауға шақырды

Бас прокуратура азаматтарды 6 маусымда митингіге шықпауға шақырды.

“Жекелеген тұлғалар ел азаматтарын 2020 жылғы 6 маусымда жаппай митингілерге шығуға шақыруда. Осыған байланысты, азаматтарды арандатушылық жасамауға және заңсыз жария акцияларға қатысудан бас тартуға, бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу кезінде жаңа заңның ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырамыз” делінген мәлімдеме.

Сондай-ақ бас прокуратура  денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылғы 4 маусымда үндеу таратып, онда карантин кезеңінде елде бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде митингілерді өткізуге тыйым салынғанын да хабарлаған. Оны сақтамаған жағдайда әкімшілік және қылмыстық жауаптылық көзделген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk