Прокуратура 738 айыппұлды ескертуге ауыстыруға өтініш берді.
Прокуратура 738 айыппұлды ескертуге ауыстыруға өтініш берді

Қаңтардағы тәртіпсіздікке қатысы бар күдікпен мыңнан аса адам қамауда отыр. Бұл туралы бас прокуратура хабарлады. 

«Соттар осы оқиғалармен байланысты барлығы 8 354 әкімшілік іс қарады. Соттар мен прокурорлар жеңілдететін мән-жайлар мен кінәлі адамдардың өкінуін ескеріп жатыр. 3 337 құқықбұзушыға қамаққа алу немесе айыппұл түрінде жаза қолданылмай, ескерту ғана жасалды. 1 653 іс бойынша сот айыппұл салды. 1 002 адам қамақта отыр, олардың әкімшілік жазасын жеңілдету мақсатында прокурорлар апелляциялық сотқа 1 758 өтінішхаттар енгізді», – деді бас прокурордың аға  Азамат Сарғазин.

Айтуынша, қазір прокурорлар өтініші бойынша 676 адам қамақтан босатылды. 344 адамның айыппұлы ескертуге ауыстырылды.

«Прокурорлардың жазаны жеңілдетуге және айыппұлды ескертуге ауыстыруға бағытталған 738 өтінішхаты қаралып жатыр. Бұдан бөлек, тағы 358 әкімшілік іс материалдары сотқа жіберілмей тоқтатылды. Сотпен әкімшілік қамаққа алынған адамның көпшілігі босатылды. Қалған істер бойынша жұмыс жалғасып жатыр», – деді Серғазин.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk