03-10-18 | 21:00
Путин: Скрипаль – шпион әрі сатқын.
3 қазанда Мәскеудегі “Ресейдің энергетика аптасы” халықаралық форумында Ресей президенті Владимир Путин сөз сөйлеп, Сергей Скрипальді “сатқын” деп атады. Путин Сергей Скрипаль мен Юлия Скрипальге қатысты шуды “қолдан ұйымдастырылған” деп санайды.  

“Кейбір сіздердің әріптестеріңіз Скрипальды құқық қорғаушы етіп көрсеткісі келеді. Ол (Скрипаль – ред.) – шпион әрі сатқын. Отанын сатқан деген түсінік бар. Міне, ол – солардың бірі” деді Путин. 

6 наурызда Солсбери қаласында бұрынғы ресейлік барлау қызметінің агенті Сергей Скрипаль мен қызы Юлия Скрипаль уланған. Лондон олардың СССР тұсында жасалған “Новичок” уынан уланғанын айтып, қастандықты Кремльден көреді. Мәскеу бұған қатысы барын жоққа шығарады.

Ұлыбритания билігі Скрипальдарды Ресей азаматтары “Руслан Боширов” пен “Александр Петровты” күдікті деп санайды. Bellingcat және The Insider тобы бірлескен зерттеуін жариялап, “Руслан Боширов” – Ресей әскери барлау басқармасының (ГРУ) полковнигі Анатолий Чепиганың лақап аты екенін мәлімдеген. 

 

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.