09-02-21 | 09:59
Қ.Тоқаев: Мұқағали поэзиясы – күллі қазақтың болмыс-бітімі.
Қ.Тоқаев: Мұқағали поэзиясы – күллі қазақтың болмыс-бітімі

Мұқағали Мақатаевтың мерейтойы  Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келеді.

Қазақстан президенті желідегі парақшасына қазақтың ақиық ақыны туралы жазды. Ақынның 90 жылдық мерейтойын еске салды.

«Бүгін – ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл. Мұқағали поэзиясы – күллі қазақтың болмыс-бітімі. Оның сырлы сезімге толы жырлары қалың оқырманның жүрегінен орын алды.

Ақын мерейтойы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл – әр қазақтың шаңырағындағы мерейлі той»,- деп жазды президент.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.