Қайрат Боранбаевты қамауда ұстау мерзімі тағы ұзарды.
Қайрат Боранбаевты қамауда ұстау мерзімі тағы ұзарды

Қайрат Боранбаевты күзетпен бұлпартпай ұстау шарасы тағы ұзартылды.

«2022 жылғы 12 қазанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Боранбаевқа қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 2 айға ұзартты», – деп атап өтті Астана қалалық сотының баспасөз қызметінен.

Естеріңізге сала кетейік, Қаржылық мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаевтың үстінен квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаражат жымқыру фактісімен іс қозғап, изоляторға қамаған болатын.

Қазіргі уақытта ірі мөлшерде, оның ішінде шетелде қылмыстық кірісті заңдастыру белгілері бар неғұрлым резонанстық істерді тергеп-тексеру ерекше бақылауда.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk