Қаңтар оқиғасы: Алкоголь мен есірткінің әсерінде болған.
Қаңтар оқиғасы: Алкоголь мен есірткінің әсерінде болған

Бас прокуратура мен ішкі істер министрлігі бірлесіп, қаңтар оқиғасының тергелу барысынан брифинг өткізді. Сонымен Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов пен
ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов келтірген деректер.

  • Арнайы прокурорлар жаппай тәртіпсіздіктерге 12 ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысқаны анықтаған. Олардың ішінде ең белсенділері: Жұмагелдиев («Дикий Арман»), «Қазақстандықтар» және «Айшуақ – Жантүгел» топтары болды. Ұйымдасқан қылмыстық топтың 23 мүшесі қамауға алынды, оның ішінде 4 «қылмыс авторитеті».

 

  • Жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және қатысу бойынша 547 адам күдікті ретінде танылып, олардың 269-ы қамауға алынған.

 

  • Шымкент қаласы алаңында жаппай тәртіпсіздіктердің 52 қатысушысы анықталған. Бейне жазбалар арқылы 12-і арандатушыны анықтау мүмкін болған. Жамбыл облысында ағымдағы жылғы 18-і мен 31-ші наурыз аралығында 5 ұйымдастырушы, 11 арандатушы және жаппай тәртіпсіздіктердің 140 белсенді қатысушысы анықталды. Бұл өңірдің ұйымдасқан қылмыстық топтың екі лидері қамауға алынған.

 

  • Қазіргі уақытта 206 ғана қару табылды, қалғандары қылмыскерлердің қолдарында.

 

  • Алматы қаласы әуежайының Желілік полиция бөлімінің бастығы ұсталған. «Ол өзінің қызметтік міндеттерін орындамады, әуежайды күзетсіз қалдырған. Осылайша, әуежайды басып алуға жол берген. Нәтижесінде әуежайға айтарлықтай зиян келтірілді, оның инфрақұрылымы бұзылды, кәсіпкерлердің мүлкі ұрланып, жолаушылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төнді. Дей тұрғанымен сол кезде әуежайда 165 қауіпсіздік қызметкері, оның ішінде 40 полиция қызметкері, 65 шекарашы, 60 авиациялық қауіпсіздік қызметкері болған. Олардың барлығы да шабуылға тойтарыс беру үшін жеткілікті атыс қаруларымен қамтамасыз етілген болатын.

 

  • Қызылорда облысында қаза болған 24 адамға қатысты табельдік қаруды қолдану себептері анықталды. 5 қаңтарда Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметіне қарулы шабуыл жасалды. Террористер жүк көлігімен ғимараттың қақпасын соғып кіріп, онда олар аңшы мылтықтарымен оқ жаудырды, бақылау-өткізу пунктін, жедел басқару орталығының камералары мен патрульдік машиналарды өртеген.

 

  • Қызылорда да полиция алдымен ауаға атып, содан кейін шабуылдаушылардың аяқ-қолын нысанаға алып, табельдік қаруды қолдануға мәжбүр болған.
    Алайда, бұл оларды тоқтатпады. Алкоголь мен есірткінің әсерінде болып, олар ғимаратқа бірнеше рет шабуыл жасады. Екінші шабуылдан кейін алты адамнан тұратын топ келіссөздер түрінде Жергілікті полиция қызметінің бастығы Ибраев пен рота командирі Естаевты алдап шақырды. Осы сәтті пайдаланып, келіссөз жүргізушінің бірі бұрын сотты болған «О» есімді азамат рота командирі Естаевқа шолақ мылтықпен тіке оқ атқан.  Қарсы атылған оқпен оның көзі жойылды. Естаев көптеген дене жарақаттары, үлкен қан жоғалтуымен ауыр халде реанимацияға жеткізілді, оның өмірін әрең сақтап қалу мүмкін болды. Барлығы 12-і сағат қоршау кезінде жергілікті полиция қызметі ғимаратына 10-нан астам қарулы шабуыл жасалды. Оларға тойтарыс беру нәтижесінде 20 шабуылшының көзі жойылды.

 

  • Арнайы прокурорлар жүргізілген сот молекулярлық генетикалық сараптама нәтижелерімен Алматы қаласында қаза тапқан снайпердің жеке басы анықталды. Қаза тапқанның денесін жақтастары өздерімен бірге алып, қалалық аурухана маңында қалдырып кеткен. Кейін ол қалалық мәйітханада анықталды. Ол «С» есімді азамат болып шықты. «Қайғылы қаңтар» оқиғалары кезінде ол тұрғын үйдің төбесінде орналасып, Алматы қаласы Полиция департаментінің қызметкерлеріне көздеген оқ атқан. Қазіргі таңда қалған 3 террористі анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

 

  • Бүгінде ішкі істер органдары тергеушілерінің іс жүргізуінде 1090 қылмыстық іс бар. 165 адам қамауда. Жеке басын ескере отырып, 315 күдікті қамаудан босатылды – бұл алғаш рет қылмыс жасағандар және өз кінәсін мойындаған адамдар. 377 күдіктіге қатысты қылмыстық істерді тергеу аяқталып, олар сотқа берілген. 196 адам ұрлық жасаған, қару-жарақтың заңсыз айналымы үшін 39, тонау, ұрлау және ұсақ ұрлық жасады деген күдікке 3 адам ілінген.
    1 430 бірлік қару мен 35 мыңнан астам оқ-дәріні табылып, тәркіленген.
БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.