09-08-22 |
Қаңтар оқиғасы. Үтік басқандарға қатысты тергеу аяқталды.
Қаңтар оқиғасы. Үтік басқандарға қатысты тергеу аяқталды

Прокуратура органдары қаңтар айындағы оқиғалар кезеңінде ұсталғандарға азаптауды қолданған полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істерді тергеуді жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта арнайы прокурорлар Алматы облысының полиция департаментінде үтік басумен азаптауды қолдану туралы іс бойынша тергеу әрекеттерін аяқтады.

«Полиция қызметкерлерінің 2022 жылғы 7-17 қаңтар аралығында Талдықорған қаласында жаппай тәртіпсіздік жасағаны үшін ұсталған 23 азаматқа азаптау қолданғаны дәлелденді. Қылмыстық кодекстің 146-бабы бойынша 5 полиция қызметкері күдікті деп танылды, оның ішінде 3 Криминалдық полиция басқармасының қызметкері, 1 Әкімшілік полиция басқармасының инспекторы және 1 ЖҚАЖ қызметкері»,-делінген хабарламада.

2022 жылғы 4 тамызда қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.
Азаптауды қолданудың басқа да фактілерін тергеу аяқталуға жақын.

Фото: Павел Михеев / Reuters / Forum

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk