Қаңтар-шілде айларында Қазақстанда инфляция 4,4% құрады – статистика комитеті.
Қаңтар-шілде айларында Қазақстанда инфляция 4,4% құрады – статистика комитеті

Үстіміздегі жылдың Қаңтар-шілде айларында Қазақстанда инфляция 4,4% құрады деп хабарлайды ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.

Азық-түлік тауарларына баға ағымдағы жылғы жеті айда (2020 жылғышілде 2019 жылғы желтоқсанға)–7,6%, азық-түлік емес тауарларына–2,9%,ақылы қызметтерге 1,7% жоғарылады.

Ағымдағы жылдың басынан (2020 жылғышілде 2019 жылғы желтоқсанға) бағаның өсуіжемістерге – 21,3%, жармаларға – 20%, қой етіне – 11,8%, құмшекерге – 11,5%, ұнға – 11%, көкөністерге – 10,8%, макарон өнімдеріне – 10,1%, сары майға – 9,4%, жылқы етіне – 8,6%, мәйекті ірімшікке – 8,4%, сиыр етіне – 7,6%, мұздатылған балыққа, шайға – 6,8%-дан, шұжық өнімдеріне – 6,1%, шошқа етіне – 5,5%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдерге – 5,3%, пастерленген сүтке – 4,5%,нанға – 3,8%, сүзбеге 3,3%белгіленді.Темекі өнімдері – 8,8%, минералды және ас су – 8,5%, алкогольді сусындар – 5,5%,салқындатылған сусындар 5,4% қымбаттады. Бағаның төмендеуі жұмыртқаға – 5,9%, күрішке – 2,2%, сөкке 2,1%тіркелді.

Баға өсіміжуғыш және тазалағыш құралдарға – 6,6%, дәрі-дәрмекке –6,3%, жеке қолданылатын тауарларға – 5,7%,тұрмыстық аспаптарға – 4,6%, автомобильдерге, құрылыс материалдарына 4,3%-данқұрады.Бензин2,7%қымбаттады, ал дизель отыны3%арзандады.

Баға деңгейі жерлеу қызметтеріне – 4,3%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 3,5%, мектепке дейінгі балалар мекемесінің қызметтеріне – 2,2%, кабельдік телевизия қызметтеріне – 2%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне 1,9%өсті. Интернет желісіне қосылу үшін абоненттік төлем 2% жоғарылады.Қалалық көлікпен (такси) жол жүру ақысы – 5,3%, жолаушылардың темір жол көлігімен – 3,6% қымбаттады, ал әуе көлігімен –6,6%арзандады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтерыстық суға – 5,5%, кәрізге – 3,5%, орталықтан жылытуға – 3,4%, суық суға 2,6% төмендеді, ал қоқыс шығаруға – 11,1%, электр энергиясына 2,6%өсті.

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 510 позиция кіреді. Бағаны тіркеу меншіктің түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталықтарында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгіленген шеңбері бойынша жүргізіледі. Біріктіру үшін пайдаланылатын салмақ жүйесі олардың шығыстары бөлігінде өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі.

2020 жылғы қаңтардан бастап ТБИ–ді есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі –39,0%, азық–түлік емес тауарлар – 28,9%, ақылы қызметтер 32,1% құрады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.