26-03-20 | 16:45
Қарағандыда карантиндегі бұрынғы әйеліне терезеден кірмек болған адам ұсталған.
Қарағандыда карантиндегі бұрынғы әйеліне терезеден кірмек болған адам ұсталған

Қарағандыда Германиядан келіп  карантинде жатқан бұрынғы әйеліне терезеден кірмекші болған адам ұсталып, он күнге әкімшілік қамауға алынған. Бұл туралы елдегі төтенше жағдай мен карантиндегі екі қаладағы жалпы ахуалды хабарлаған ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты.

Министрдің мәліметінше, төтенше жағдай режимін бұзған 137 адам анықталып, соның ішінде 89 адам ұсталған. Олардың бәрі істеген әрекеттерін мойындаған.

Сондай-ақ медициналық маскалар мен антисептиктерді рұқсатсыз әрі жоғары бағада саудалауға қатысты Нұр-Сұлтан мен Ақтөбеде 40 адам ұсталған. Төтенше жағдай жарияланғаннан бері 15 іс қозғалған. Осындай заңсыз әрекеттердің жолын кесу кезінде 4 миллионға жуық медициналық маска және 13 мың литр антисептик тәркіленіп, ол заттар денсаулық сақтау мекемелеріне беріліп жатыр. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk