22-01-21 | 13:03
Қарасай ауруханасы 70 жастағы қарияны далаға қуып шықты.

Алматы облысы, Қарасай ауданының орталығы Қаскелең қалалық ауруханасы 70 жастағы қария Нұрсұлтан Тоқажановты далаға қуып шыққан.

Бұл туралы Әсел Жұмағазы есімді науқастың туысы мәлімдеді, – деп хабарлайды «Arasha.kz» ақпараттық-құқықтық сайты.

«Құрметті Қазақстан Республикасының халқы! Мына жағдай 21.01.2021 жылы Алматы қаласы Қаскелең аудандық ауруханасында болды (Қарасай ауданы орталығын айтып отыр – ред.) Менің 70 жастағы атамды қарамай,далаға қуып шықты! Мен шағымданамын.Сіздерден көмек сұраймын», – дейді Әсел ЖҰМАҒАЗЫ  әлеуметтік жерісіндегі өз парақшасында.

Ал түн ішінде қарияны аталған ауруханаға жеткізген ұлы Айдар Тоқажановтың айтуынша, оқиға қаңтардың 21 жұлдызы сағат 02:41-де болған. Ауа жетпей қиналып, ем іздеген жетпістегі қарияны  аудандық ауырухана «бұл жерде таза адамдар жатады, сіздерді кіргізіп басқа адамды ауру қыла алмаймыз» деп қабылдамай қойған.

Осы мәселеге орай «Arasha.kz» ақпараттық-құқықтық сайты  «Атамды қарамай далаға қуып шықты» деп шырылдаған Әсел Жұмағазыға хабарласты.

 Нұрсұлтан Тоқажановтың немересінің айтуынша, ковидтен емделіп шықты делінген атасын түн ішінде аудандық емхана қабылдамай, қайтадан «ковит орталыққа» жібереміз дегені ашындырған.

«Атам оларнайы ауруханада қаралғалы 14 күн болған. Емделіп жазылып шыққан. Қайтадан ол орталыққа барғысы келмейді. Бірақ олар қиналып Қаскелеңдегі ауруханаға барған атамды түн ішінде жедел жәрдеммен тағы сонда жіберген. Ол емделіп шыққан ғой.  Атам «ковит орталыққа» кетіп бара жатқанда айтыпты: «мен енді тірі қайтпаймын. Мына балинция  мені өлтіреді» деп. Денесінің көп жері көгеріп кеткен. Қазір бар болғаны кислородпен демалдырып, қан қысымын тұрақтандыруға көңіл бөліп жатыр. Ал дематолг жоқ та денесінде қан қалмаған», – дейді  Әсем Жұмағазы.  

«Arasha.kz» ақпараттық-құқықтық сайты алда дауға тікелей қатысты екінші тарап – Қарасай  ауданаралық көпсалалы  ауруханасының да ресми пікірін жариялайтын болады.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk